USD446.49EUR475.38RUB4.79

"Картоп деп ойладық..." Жасөспірімдер серуендеп жүріп, адамның бассүйегін тауып алды - ШҚО

03 шілде 2020, 09:20
ШҚО, Алтай қаласындағы орталық саябақта кешкі уақытта серуендеп жүрген жасөспірімдер адамның бассүйегін тауып алған.

Биыл қалалық саябақты абаттандыру жоспарланып, ескі теректерді кесу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Ағаштардың біреуінің тамырын жұлып алып тастаған жерден жасөспірімдер адам сүйегінің қалдықтарын байқапты.

- Басында бізге картоп жатқандай көрінді, - дейді жасөспірімдер. - Бірақ бұл бассүйек болып шықты. Әрине, қатты қорықтық.

Жасөспірімдер дереу полиция шақырған. Тәртіп сақшылары табылған затты тәркілеп, қосымша сараптамаға алып кетті. Алайда полицейлер әзірге түсініктеме беруден бас тартып отыр. Сараптама нәтижесі шыққан соң, мәлімдеме жасамақ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar