
Бұл туралы Туризм және сыртқы байланыс басқармасы мәлім етті.
ШҚО-дағы ең танымал көлдегі демалыс базалары 13 маусымнан бастап ашылған болатын. Қазір ол жаққа көліктің барлық түрлері жүріп түр: пойыз, ұшақ, автобус.
Демалыс базаларында барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған. Демалушылар әлеуметтік ара қашықтық пен маскалық режимді сақтауға, антисептик қолдануға тиіс.
Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, Алакөлде демалу үшін Covid-19 инфекциясына тест тапсырып, анықтама алып келу қажет.