Кеше әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Өскемендегі «Ольга Рыспакова» атындағы жеңілатлектикалық орталығын COVID-19 ауруын жұқтырғандардың ауруханасына айналдырып жатыр» деген желеумен бейнежазба тараған болатын. Бүгін соған қатысты әкімдік түсініктеме берді.
- Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! Бұл видео ШҚО аумағында түсірілмегенін және өңірдің спорт кешендеріне еш қатысы жоқтығын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта облыста коронавирус жұқтырған науқастарды орналастыруға арналған инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек орындар жеткілікті, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.