Күн тәртібіндегі бірінші мәселені талқылау қорытындысы бойынша қалалық мәслихаттың шешімімен Семей қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджетіне енгізілген өзгерістер бекітілді.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары В.В. Ли "Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы"мәселе бойынша ақпарат берді. Депутаттар Семей қаласында денсаулық сақтау саласын басқару және үйлестіру мәселесін шешу қажеттігін және жергілікті өкілетті органдармен және жұртшылықпен қаладағы денсаулық сақтау желісін оңтайландыру мәселелерін келісу қажеттілігін атап өтті.
"Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қалалық қатынаста жолаушыларды тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысы туралы" мәселе қаралды. Осы мәселені талқылау қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары бірқатар шешімдер қабылдады: жолаушылар көлігі бөліміне қалалық қатынаста жолаушыларды тұрақты тасымалдау қызметтерін көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыру, азаматтардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, маршруттық желіні оңтайландыру, соңғы аялдама пункттерін стандарттарға сәйкестендіру ұсынылды.
Семей қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының директоры С.Д.Ашелов депутаттарды Семей қаласында нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуымен таныстырды. Депутаттар аталған бағдарламаны іске асырудың тиімділігін арттыру үшін осы бағыттағы жұмысты жалғастыру туралы ұсыныс жасады.
Күн тәртібінің бесінші мәселесі бойынша қалалық мәслихаттың әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спортты дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2019 жылғы қызметі туралы тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Ж.Т. Молдағалиеваның есебі бекітілді.
Алтыншы мәселені қалалық мәслихат хатшысы Б. Т. Ақжалов баяндады. Осы мәселе бойынша ақпаратты назарға ала отырып, депутаттар "Семей қаласы мәслихатының аппараты" ММ мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру және оның сипаттамасын бекіту туралы" Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 10/72-VI шешімінің күші жойылды деп танылды.
Семей қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Б.Ж.Тлебалдин Семей қаласындағы COVID-19 эпидемиологиялық жағдайы және аурудың таралуына қарсы күрес және алдын алу шаралары туралы депутаттарға баяндады.
Семей қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Б.Н.Садақбаев депутаттарды полиция қызметкерлері Семей қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдерімен бірлесе коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөнінде жүргізген жұмыстарымен таныстырды.