«Біз бұған дейін тұрғындарға жүріп-тұру билеттерін тарату бойынша жұмыс істедік», - деді Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Арман Ысқақов 26 маусымда өткен баспасөз конференциясында. - Негізінде, олар қазір де бар. Қазіргі бұл жұмысты ПИК арқылы аумақтық басқарудың он бір орталығы (бұрынғы Жергілікті өзін өзі басқару комитеті) жүргізуде.
Шектеулерді енгізіп жатқанда билік халықта ол рұқсат қағаздар сақталған деп ойласа керек. Алайда ПИК те, аумақтық басқару да бұл жұмысты жүргізбейтін болып шықты. Дегенмен Жақсылық Омар бұны дүрбелең тудыратындай мәселе емес дейді.
"Рұқсат қағаздары барлар, сонымен жүре берсін, ал жоқтарға бұл айтарлықтай мәселе емес. Тұрғындар үй нөмірін полиция қызметкеріне айтса, жеткілікті. Жұмысшыларға жеке куәлік пен жұмыс туралы анықтама ұсыну жеткілікті. Үй жануарларын серуендетіп жүргендерді тоқтамайды. Егер біз ПИК арқылы беретін болсақ, тағы жаппай дүрбелеңге ұласып, адам қарасын көбейтіп алуымыз мүмкін. Полиция ешкімді жазаламайды. Азаматтардың сана сезімі мен өз денсаулығы үшін көбірек ойлана бастайтынына сенеміз", - дейді қала әкім Жақсылық Омар.