
Қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Семейліктер "тақ және жұп күндер" шектеу жүйесіне қайта оралатын болды.
ШҚО әкімі әлеуметтік желіде былай деді:
"Құрметті достар! Қадірменді Семей қаласының тұрғындары!
⠀
Бүгін кәсіпкерлерден құрылған бастамашыл топпен, сондай-ақ қоғам өкілдерімен бірге бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысының жобасын талқыладық. Оның аясында Семейде бірқатар шектеу шаралары енгізілетін болады.
⠀
Өздеріңіз білетіндей, қаладағы жағдай жақсармай тұр. Соңғы тәулікте 20 адам ауырып қалды.
⠀
Әрине, жағдай баршамызды алаңдатып отыр. Тек 1-18 маусым аралығында КВИ жұқтырғандар қатары тағы 109-ға өсті. Салыстырмалы түрде, 15 наурыздан бастап 1 маусымға дейінгі аралықта Семейде 103 жағдай тіркелген болатын.
⠀
Мен нысандардың жұмысын тоқтатуға, қызметіне тыйым салуға қарсы екенімді атап өткім келеді, біз тек коронавирустың таралу толқынын азайту үшін ақылға қонымды шектеулер енгізуіміз керек.
⠀
Сондықтан, жағдайға қарамастан, қоғамдық тамақтану орындары, кинотеатрлар жұмыс істеуі керек деп есептеймін. Алайда, әлеуметтік қашықтықты сақтау және олардың жұмыс уақытын қысқарту қажет.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар! Қамқорлық танытыңыз!