Министрдің айтуынша, өткен жылы 4 мыңнан астам маман 1200 ауылға барып, жұмысқа тұрған. Барлығы да ауылға қажетті мамандар: мұғалімдер, дәрігерлер, мәдение және спорт қызметкерлері, ветеринарлар мен агрономдар. Бұларға бюджеттік несие түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіліп отыр. Ал несиенің сомасы жыл сайын артуда. Биыл бюджеттік несиенің көлемі 4,1 млн теңгені құрады. 15 жылға 0,01 пайызбен беріледі.
Сонымен қатар, аталмыш жоба арқылы көшетіндерге арнайы ақы қарастырылған екен.
Ағымдағы жылы бюджеттік несиемен 5 мың жас маман қамтылмақ.