Атап айтқанда, қазіргі уақытта елімізде ауылдық жерлерді дамыту бойынша көптеген ірі жобалар жүзеге асырылуда. Әлеуметтік қызметтің ішіндегі ең үлкен шара ол «Әлеуметтік керуен» жобасы болып табылады. Бұл жобаның басты мақсаты ауыл жастарына ақпараттық кеңестер беріп, алаңдатқан сауалдарына жауап беру. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру арқылы мүмкіндіктерге жол ашу. Керуен құрамы мемлекеттік органдар және арнайы мекемелердің маман-кеңесшілерінен құралатын болады. Оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы, «Атамекен» КП, «ТҚЖБ», «Даму» қоры сынды жастарға қолдау көрсетіп отырған мекемелер бар. Сонымен қоса керуен барысында жастармен танымдық сағаттар өткізіп ауылда бос уақытты тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар айтылатын болады. - Жоба қорытындысында «Ауыл жастары 2020» жастар форумы ұйымдастырылады. Форум барысында арнайы пікір-талас алаңдарын жасап ауыл жастарының негізгі мәселелерін, ауылды дамыту жобаларын талқылау жүзеге асады. Форум қорытындысында жинақталған идеялардан тұжырымдама жасалып жергілікті әкімшілікке ұсынылатын болады. Сондай-ақ форум аясында түрлі номинациялар бойынша марапаттаулар жүріп «Үздік ауыл» аталымы бойынша ауылдарды марапаттайтын боламыз, - дейді «Интелектуалды Жастар Қауымдастығы» ҚҚ өкілі Қуаныш Молдақашев.
Алдағы уақытта Абай әндерінің байқауы мен Абай оқулары байқауы өткізілетін болады. Орталық алаң, Абай алаңы, жағажай мен орталық саябақта домбыра party, асық party және тағы басқа қызықты іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Биылғы жылы жастардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған әлеуметтік қызмет жұмыстары да ұйымдастырылатын болады. Жоба аясында интеллектуалды ойындар мен жастар үшін пікір – сайыс турнирлер өтетін болады. Сонымен бірге дебатерлер академиясы ұйымдастырылатын болады.
Қалада еріктілер жұмысы да белсенді дамып келеді. Баспасөз мәслихатында бүгін Еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған әлеуметтік қызметтің жұмысы туралы де айтып берді. Бұл жобаның бас мақсаты - Семей қаласындағы волонтерлік қозғалысты дамыту үшін жағдай жасау. Жоба шеңберінде қала бойынша еріктілердің электронды базасын құру, еріктілер слетін және еріктілер арасында конкурстарды ұйымдастыру жоспарланып отыр.