Мәселен, музей кешенін қайта жаңғырту, ағымдағы және күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізу, абаттандыру, сондай-ақ жарықтандыру шаралары да қолға алынған. Абайдың «Жидебай- Бөрілі» мемлекетті корық музейіндегі жаңа эспозицияда ақын бейнесі өзгеше үлгіде көрсетілмек. Яғни, аталған экспозицияның негізгі мақсаты – Хәкім Абай тұлғасын музей залдарында әлемдік деңгейдегі тұлға ретінде жан-жақты көрсету, Семей қаласына туристердің қызығушылығын арттыру.
Жалпы бүгінде музейде ремонтаж және абаттандыру жұмыстарында ілгілеушілік бар. Жіліктеп жеткізер болсақ, музейдің аумағындағы тас төсемдері толығымен ауыстырылып,көркейту жұмыстары басталып та кетті. Қорғандар сырланып жаңа түске боялып, тарихи ғимаратқа кіретін баспалдақтар толығымен ауыстырылды.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласындағы музейді «ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналдыру керек» деген болатын. Соған орай музей директоры Тұрдықұл Шаңбайдың жетекшілігімен музейдің ғылыми концепциясы дайындалып, соның аясында, бес тарапта бірнеше іргелі ғылыми-танымдық жұмыстарды дайындау қолға алған. Бас музейдегі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет тарапынан 30 млн теңге және Абай музейі экспозициясын жаңғыртуға 250 млн теңге бөлінген.
Бүгінде Ахмет Риза медресесіне, Алаш арыстары музейі, Жидебайдағы Абайдың музейі үйі, Шәкәрімнің саят қорасы, Бөрілідегі Мұхтар Әуезовтың музейлеріне де ғылыми реставрациялық жұмыстар жүргізілуде.
А. Ахметбек