Осыған байланысты әскерилер қалада дезинфекциялау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Шараға 110 маман мен 13 арнайы техника жұмылдырылды. Көшелер мен әлеуметтік маңызды нысандарды және халық көп жиналатын жерлерді дезинфекциялау үшін екі жарым мың литр арнайы ерітінді қолданылған. Бір күннің ішінде ғана 50 мың шаршы метрден асатын аумақ дезинфекцияланды.
Дәурен Жүнісбеков, «Шығыс» ӨҚ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметінің басшысы: - Халықтың басына төнген қауіп бәрімізге ортақ болғандықтан, халықтың денсаулығы жақсы болуы әскери қызметшілер, біздер үшін өте маңызды. Біз барлық уақытта халықпен біргеміз, халықтың жанынан табыламыз. Халықтан бір сұрайтынымыз – карантин режимін қатаң сақтайық!