USD484.37EUR531.06RUB5.05

Басты талап тазалық

16 сәуір 2020, 09:55
Төтенше жағдайға байланысты Семей қаласының тұрғындарын енді тепловизорлар арқылы тексереді. Қала әкімі Ермак Сәлімов қала тұрғындарымен кездесіп, дене қызуларын өлшеуін сұрады.
Басты талап тазалық

Өткен аптада облыс әкімі Даниал Ахметов Семей мен Өскемен қалаларының бақылау бекеттерінде және патрульды тәртіп сақшылары енді азаматтарды тепловизор арқылы тексеретінін мәлімдеген болатын. Бұл үшін 5000 тепловизор бөлінді. Бүгіннен бастап, полиция қызметкерлері азаматтардың дене қызуларын өлшеп, ескерту жасауда. 

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов азаматтармен жеке сөйлесіп, олардың тәртіп сақшыларының талаптарына бағынуын сұрауда. Себебі, бұл әрбір қазақстандық үшін қажет. Әкімнің айтуынша, қозғалыстышектеу шараларына бағыну арқылы ғана осы аурудың тізбегін бұзуға болады. Тепловизорлар адамға тимей-ақ, дене қызуын өлшейді. Бұл жеке гигиена мен аурудың тұрғындар арқылы жұқпауы үшін бірден-бір тиімді тәсілі.

Жол-патрульды полиция қызметкерлері далаға шыққан көлік жүргізушілерінің құжаттарын тексеріп, дене қызуларын өлшеуде. Арнайы рұқсатнамалары болса да, полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, мейлінше үйде отыруларын сұрауда.

Бұл жұмыстар енді күнделікті, карантин аяқталмайынша жүргізілетін болады. Дегенмен, тұрғындар өзінің де өзгенің де өмірлерін қауіпке тіпкей, мейлінше үйде отырып, бірінші кезекте, жеке гигиенасын сақтауы тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar