USD483.23EUR534.74RUB5.12

Құнанбай музейінің құрылысы басталды

30 наурыз 2020, 09:53
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына ақынның туған топырағы – Шығыс Қазақстанда дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде. Мерейтой аясында іске аспақ игі шаруаның бірі – Абай ауданы аумағындағы Құнанбай қорымының мемлекет қамқорлығына алынып, Ақшоқыда музейдің салынбағы.
Құнанбай музейінің құрылысы басталды

Орайы келгенде айта кетейік, Құнанбай қорымының сан жыл қа раусыз тұрғандығын, қастерлі мекен ді мемлекет қамқорлығына алу қажеттігі мəселесін газетіміз бұған дейін бірнеше мəр те көтерген болатын. Алайда сең қозғалмаған еді. Тек 2019 жылғы сəуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шығыс Қазақстанға жасаған сапарынан соң бұл мəселеге көзқарас өзгерді. Президент сол сапарында: «Біз ұлы Абай туралы айтқанда, оның əкесі – Құ нанбайдың ел тарихындағы еңбегін ұмыт пауымыз қажет. Сондықтан алдағы уақытта облыс əкімдігі Құнанбайдың есімін ұлықтауға байланысты тиісті шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастыруы керек» деген болатын. Жақында Өскеменде өткен облыстық мəслихаттың кезектен тыс сессиясында Ақшоқыда Құнанбай Өскенбайұлына арналып салынатын музей құ рылысы жуық арада басталатыны, бұған облыстық бюджеттен 276 миллион теңге қаржы бөлінгені жайында айтылды. Осы жиында ұлы жазушы Мұхтар Əуезов дүниеге келген Бөрілі ауылының жолын жөндеуге 48 миллион теңге жəне Семейдегі Абай атындағы театр ғимаратына ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу үшін 198 миллион теңге қаражат бөлінетіні де хабарланды. Айтпақшы, өңіріміздегі ең ірі екі қала Өскемен мен Семейде ақынның əкесі Құнанбай атындағы көше жоқ. Үл кен мерейтой аясында бұл мəселе ше шімін табады деп сенеміз.

Азамат ҚАСЫМ              

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

4 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar