Отан үшін кеудесін ьоққа тосқан майдангерді ұрпақтары осы уақытқа дейін іздеп келген. Ақыр соңы әскери қызметтегі ұрпақтары Ресей мемлекетіндегі мұрағаттардан мәліметтер алған.
Батырдың немересі,
Ерлан Қадырұлы:
- Менің әкем Қадыр – Құлбатыр атаның ұлы. Мен Құлбатырдың туған немересімін. Мен – 1970 жылдардың басында баламын. Теледидардан соғыс туралы бағдарламаны көрсетіп жатқан сәтте әкем атама ұқсайтын бір бейнені көріп қалады. Ол кезде атам Құлбатыр соғыста із-түссіз жоғалғандардың қатарында болатын. Әкем ары қарай іздеу үшін Қорғаныс министрлігіне хат жолдайды. Сол уақыттан бастап талмай іздеп, міне бүгін тауып отырмыз.
Атамыз соғыста үлкен ерлік көрсеткен. 1941 жылдың желтоқсанынан 1942 жылдың қаңтар айында Невадан бөлініп, 1942 жылдың 5 қаңтарында дивизияның бірінші полктары, атап айтқанда 941-ші полк Ладога көлінің мұзымен Волховский фронтына жіберіледі. Ақпан айында дивизия 21-ші танк дивизиясының (мотоатқыштар полкі есебінен 951- ші атқыштар полкі қайта құрылды) бөлімдерін ауыстырады. 1942 жылдың тамыз айына дейін қорғаныс іс-қимылдарын жүргізді. Осы кезеңде дивизияға қосалқы Қызыл Армиядан Құлбатыр атамыз қосылады. Соғыс кезінде ерлік көрсетіп, марапатталған. Ол кісі бойы ұзын, алып кісі болған екен.
«Батырдың ерлігі өлмейді» демекші, ұрпақтары батыр бабаларын ұлықтап, туған жерінде тағзым жасады. Мұның барлығы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болмақ.
М.МАРАТҚЫЗЫ