USD448.56EUR478.03RUB4.79

Балаларға қамқорлық – болашаққа салынған инвестиция

07 сәуір 2023, 15:46
Балаларға қамқорлық – болашаққа салынған инвестиция Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаулары халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды да мәнді құжат
Балаларға қамқорлық – болашаққа салынған инвестиция

 Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында: «Мен мектеп мұғалімдерінің әділетті Қазақстанды құруда шешуші рөл атқаратынына терең сенімдімін. Соңғы жылдары бұл мамандықтың тартымдылығын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Алайда, бұл бағытта оң өзгерістер қажет».
«СМУ» КеАҚ оқытушысы Айсара Оралбекова балаларға қамқорлық мемлекеттік саясатпен қатар барлық халықты алаңдататын маңызды басымдық деп санайды.
– Педагогикалық саланың өкілі ретінде Мемлекет басшысының жыл сайын мұғалімдердің әлеуметтік деңгейін көтеріп, әл-ауқатын жақсартуға бағытталған саясат жүргізіп жатқаны қуантады. Балаларға қамқорлық – болашаққа салынған инвестиция. 2024 жылдан бастап елімізде дүниеге келген әрбір баланың шотына Ұлттық қордан қаражат аударылатын болады. Бұл қазақстандықтардың бойына болашаққа деген сенім ұялатады. Сонымен қатар студенттер білім алу үшін 2-3% көлемінде жеңілдетілген несие ала алады. Бұл шаралардың барлығы жоғары білім алуды қолжетімді етеді,- деп есептейді Айсара Оралбекова.
 Айсара Оралбекова әлемде түрлі келеңсіз жағдайлар мен кикілжіңдер туындап жатқан заманда Мемлекет басшысының ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгені еліміздегі татулық пен келісімнің негіз бола алатынын айтады. Республикамыздың күші де осында.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar