
ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Көлік құралының жүргізушісіне қатысты "BMW" ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі бойынша көлік құралдарының жүргізушілерінің көлік құралдарына, жүктерге, жолдарға, жол және басқа да құрылыстарға немесе материалдық залал келтірген өзге де мүлікке зақым келтірген жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама жасалды.
Бұл бұзушылық жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе алты айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Жол-көлік оқиғаларын болдырмау, жақындары мен туыстарының өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Абай облыстық полиция департаменті әрбір жүргізушіге жолдарда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға кеңес береді.