
Патрульдік полиция батальонының полицейлері Семей қаласындағы Қабанбай батыр көшесінің бойында қоғамдық тәртіпті сақтауда болды, кешкі уақытта жолдың бұл учаскесі кептелістердің пайда болуына байланысты шамадан тыс жүктелді.
Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция майоры Айдар Әбутханов қызмет атқару бекеттерін тексерген болатын. Осы кезде оған бір жас жігіт оның көлігін перзентханаға дейін алып жүруді өтінді. Өйткені оның көлігінде босанайын деп отырған жұбайы болған. Қала орталығында кептеліс салдарынан ауруханаға дер кезінде үлгере алмайтынын айтты.
Полицейлер ана мен баланың денсаулығына қауіп төндірмес үшін, арнайы жарық пен дыбыстық сигналдарды қолдана отырып еріп жүріп босанатын әйел отырған көлікті перзентханаға жеткізді.