USD474.83EUR515.38RUB5.5

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру тәртібі түсіндірілді

17 қаңтар 2023, 12:08
Абай облысы Полиция Департаментінің өкілдері атап өткендей, көлік құралдарын тексеруге қатысты көптеген процестер автоматтандырылған және заңдастыру туралы шешім қабылдау көп уақытты қажет етпейді.
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру тәртібі түсіндірілді

Облыстық ПД процессингтік орталығының бастығы Ермұқан Мақпұнов, Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында атап өткендей, заңдастыру ережелері 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі.

- Көрсетілген ережелерде автокөліктерді заңдастырудың нақты критерийлері белгіленген:

1) автокөлік елге 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі;

2) іздеуде болмауы,

3) басқа мемлекетте есептен шығарылуы

4) кедендік тазартудан өтуі қажет.

Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданылады. Ережелер, салмағы 5 тоннаға дейінгі автокөліктерге, 3,5 тоннаға дейінгі шағын жүк автокөліктеріне, оның ішінде басқару органдары оң жақта орналасқан автокөліктерге қатысты, - деп атап өтті Е. Мақпұнов.

Өтінімді «Электрондық үкімет» порталы немесе мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну арқылы беруге болады. Онда көлік құралдарын заңдастыруға қатысты құжаттарды ғана қабылдайтын арнайы секторлар жұмыс істейді. Сонымен қатар, мекемеде заңдастыру ережелерін түсіндіретін әкімшілік полиция қызметкері болады. Өзіңізбен бірге - өтініш, жеке куәлік, автокөлік паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, сондай-ақ меншік құқығын растайтын құжат болуы қажет.

Заңдастыру туралы шешім 2 күн ішінде қабылданады.

- 2 күн ішінде полиция автокөліктің заң талаптарына сәйкестігін тексереді. Егер базада автокөлікті әкелу туралы мәліметтер болмаса, күні сақтандыру полисінің ең бірінші рәсімдеу күні бойынша айқындалатын болады. Сондай-ақ, автокөлік Интерпол, ЕАЭО және тағы басқа базалары бойынша тексеріледі. Егер автокөлік тексеруден өтсе, өтініш берушінің телефонына оң нәтиже туралы хабарлама келеді, - деп атап өтті Е. Мақпұнов.

Заңдастыру кезіндегі негізгі төлем – 200 мың теңгені құрайтын бастапқы тіркеу алымы. Сонымен қатар мемлекеттік нөмірге 9660 теңге және техпаспорт үшін 4313 мың теңге төленеді. Осыдан кейін өтініш иесі тіркеу құжаттарын және ҚР мемлекеттік нөмірін алады. Бұл бір реттік акция.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar