USD502.47EUR525.83RUB5.68

Жол бойында апат болды

09 қаңтар 2023, 12:09
Абай облыстық полиция департаменті 06.01.2023 жылы сағат 14:00-де "Lada 2114" маркалы автомобиль жүргізушісі "Омбы - Майқапшағай" трассасында рульдік басқаруды орындамаған соң "MERSEDES" маркалы келе жатқан автокөлікпен соқтығысуға жол бергенін хабарлайды.
Жол бойында апат болды

ЖКО салдарынан "LADA 2114" маркалы автомобиль жолаушысы өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарынан ЖКО орнында қайтыс болды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырды.

Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2025
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar