
Өңірге синтетикалық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесу мақсатында Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні заңсыз таратумен айналысатын адамдарды анықтау бойынша іс-шара өткізді.
13 желтоқсанда Атырауға Семей қаласынан келген 18 жастағы қыз және 20 жастағы жігіт ұсталды.
Жалға алынған пәтерлердің бірінде тінту кезінде жалпы салмағы 360 г синтетикалық есірткі құралдары, сондай-ақ көптеген zip пакеттері, электронды таразылар және басқа да құрылғылар табылды.
Сондай-ақ, ұсталған адамдар жалпы салмағы 45 г синтетикалық есірткі салуға үлгерген 6 орынды көрсетті. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.