
Акция барысында Абай облысының аумағында 500-ден астам қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді, оның шеңберінде құқықтық сауаттылықты арттыруға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акция шеңберінде тәртіп сақшылары тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының есебінде тұрған 3 мыңнан астам отбасын, оның ішінде оларға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылған 1 300-ден астам адамды, мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленген 400-ден астам адамды, 600-ден астам қолайсыз отбасын және ішімдікке салынатын 1200 адамды тексерді.
Түсіндірме-профилактикалық жұмыс, есепке қою, қорғау ұйғарымдарын шығару және ерекше талаптар белгілеу, мінез-құлқы бұзылған адамдарды мәжбүрлеп емдеу туралы өтінішхаттарды жіберу нысанында жеке профилактика шаралары 3-тен астам құқық бұзушыға қатысты қолданылды.
Абай облысының аумағында 35-тен астам ақпараттық билбордтар мен плакаттар орнатылып, 7 мыңнан астам тақырыптық жадынамалар мен буклеттер таратылды.
"Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" республикалық акциясының ақпараттық науқаны аясында 400-ден астам адам, оның ішінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жұмылдырылды.
"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн "республикалық акциясы 10 желтоқсанда аяқталды, алайда әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.