
Аталған іс-шараның мақсаты - көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу, сондай-ақ қала көшелерінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында қала аумағында патрульдік полиция нарядтары күшейтіледі.
Бұдан басқа, учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлардың күш-жігері көңіл көтеру орындарының, жастардың шоғырлану орындарының профилактикалық пысықтауларын жүргізуге, қаңғыбастықпен және қайыр сұраумен айналысатын құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтауға, тыйым салынған заттардың, оның ішінде суық атыс қаруы мен есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактілерін анықтауға, шетелдіктерге тексеру жүргізуге бағытталатын болады, облыс аумағында шетелдіктердің тұрақты және уақытша тұру, болу ережелерін бұзушылықтарды анықтау.