
Салтанатты рәсім қонақтарына 238-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолы туралы деректі фильм көрсетілді, іс-шараның құрметті қонағы Зәуреш Ертайқызы қатысушыларға іздеу жасақтары мен еріктілер ұйымдарының қызметі және 238-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлерін еске алып, іс-шараларына жастардың қатысуы туралы айтып берді.
Музейге Алексин қаласының Даңқ қорғанынан жер салынған капсула, Тула қаласының бауырлас зиратынан алынған жер, сондай-ақ "Тула қаласының барлық қасиетті зиратының бауырлас қабірлеріне жерленген жауынгерлердің, Қазақстанның тумаларының тізімдері" табыс етілді.