Есірткі заттарының таралуына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында полиция қызметкерлері ҚР ҰК арнайы бөлімшесімен бірлесіп "РЕФЛЕКС" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Семей қаласының тұрғынын ұстады, ол жеке тінту барысында Семей қаласының аумағында бетбелгі қою арқылы таратуға ниеттенген 23 дана полимерлік байламдарды тауып алып қойды.
Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 10 грамнан асатын психотроптық зат болып табылады.
Ер адамға қатысты ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаларды көздейді.