USD468.98EUR493.74RUB7.59

«Түзелу жолында көмек көрсетіп, жанашыр болуға - біздің басты парызымыз»

17 қараша 2022, 10:16
5 айлық баласымен бірге жазасын өтеп жатқан сотталған әйелге ҚАЖ қызметкерлері көмек көрсетті.
«Түзелу жолында көмек көрсетіп, жанашыр болуға - біздің басты парызымыз»

Аяғын шалыс басып, қаржылық пирамида құрғаны үшін айыпталып, бес жылға бас бостандығынан айырылған 30 жастағы сотталушы Абай облысы бойынша ҚАЖД № 21 мекемесінде жазасын өтеуде. Қазіргі уақытта сотталған әйел мен баласы колония қабырғасында мекеме қызметкерлерімен дайындалған арнайы бөлмеде тұрып жатыр. Кішкентай қыз қазір 5 айлық, бұл әйелдің отбасындағы бесінші баласы.

Мекеме қызметкерлері кішкентай бөбекке  қажетті заттарды жинап, бесік пен маусымдық киімдер, гигиеналық құралдар, балалар ойыншықтары және басқа да заттармен көмек көрсетті.

Қызметкерлер анаға қолдау білдіріп, бір қуантты. Мұндай үлкен көмекке ие болып, бір марқайып қалған көпбалалы сотталған ана өз ризашылығын білдірді.

«Мен өз кінәмді мойындап, қылмыс жасағаныма қатты өкінемін. Егер де бұның бәрін өзгертуге мүмкіндігім болғанда, қайталамас едім. Сотты болған кезде аяғым ауыр еді, қалай босанып, тәрбиелеймін деп қатты қорықтым, алайда Алла берген соң, босану керек деп шештім. Маған демеу болып, көмек көрсетіп , қамқорлық пен ілтипат көрсеткен қызметкерлерге алғысым шексіз. Қашанда жасаған жақсылықтарың Алладан қайтсын», - деді сотталған.

“Абай облысы ҚАЖД № 21 мекемесінде алғаш рет әйел адам баласымен бірге жазасын өтеп жатыр. Сотталғандарға қолдау көрсету, өмірде өз жолдарын табуына көмектесу, ортаға  бейімделіп кеткенше қайта қылмыс жасауына жол бермеуге, түзелу жолында  әрдайым көмек көрсетіп, жанашыр болуға - біздің басты парызымыз”, - деді мекеме бастығының орынбасары      Н. Баяхметов.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

01 желтоқсан 2022, 16:07
01 желтоқсан 2022, 15:37
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar