
Тінту барысында ер адамның үйінен мылтық табылды.
ІІМ-нің арнайы базалары бойынша тексеру кезінде ол тіркелмеген болып шықты. Сот-баллистикалық сараптаманың нәтижелері көрсеткендей, бұл қару оқпанды кесу арқылы жасалған 16 мм калибрлі тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі, аңшылық мылтықтан кесіліп жасалған, атуға жарамды ИЖ-18М моделі болып табылады.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сурет: polisia.kz