Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы бес кандидатты президенттікке кандидаттарға қойылатын заң талаптарына сәйкес деп таныды:
Қасым–Жомарт Тоқаев - қазіргі Мемлекет басшысы.
Нұрлан Әуесбаев - оппозициялық жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) өкілі.
Мейрам Қажыкен - "Аманат" республикалық кәсіподақтар бірлестігінен ұсынылған.
Жигули Дайрабаев - "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кандидаты.
Қарақат Әбден - "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінен.
Президенттікке тағы жеті үміткер ОСК-ға әзірге қаралып жатқан құжаттарды тапсырды.
Жұматай Әлиев - "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен.
Талғат Ерғалиев - "Қазақстан Құрылысшылар одағынан".
Нұржан Әлтаев - "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінен.
Салтанат Тұрсынбекова – "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен.
Хайрулла Ғабжалилов, "Асар "оралмандар бірлестігі" РҚБ ұсынған.
Бақыт Жаңабаев - "Қазақстан футбол әуесқойлары лигасынан".
Фатима Бизакова - "Практикалық Психология" РҚБ-дан.
Осылайша, мемлекет басшысының орнына 12 адам ұсынылды.