"Маған артқан сенімі үшін колония әкімшілігіне алғыс айтамын. Мені 14 күндік еңбек демалысына жіберді. Оны Өскемен қаласында тұратын анама барып өткіздім. Үйімді және үй тағамын қатты сағыныппын. Үйде отырғанда қуаныш сезімін сезіндім, бірақ кері қайту өте қиын болды. Бұны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес ...», - деп бөлісті сотталушы.
Мекемеден шықпас бұрын ол колонияға қайтатыны туралы қолхат қалдырған.
«Бостандығынан айыруға сотталғандардың мекемелерден тыс жерлерге кетуі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 113-бабында көзделген және сотталғандардың қоғамдық пайдалы байланыстарын қалпына келтіруге және сақтауға, сотталғандарды заңға бағынатын мінез-құлыққа ынталандыруға бағытталған. Ағымдағы жылдың ішінде мекемеден тыс жерлерге 100 ге жуық сотталғанға жолдама берілді. Бұл былтыргы жылмен салыстырганда өскен», - деді мекеме басшысының орынбасары Самат Алтаев.
Г. Исмаилова, жұмыспен қамту инспекторы