Тергеу изоляторының аумағына тыйым салынған заттарды алып өтуді осы мекеменің қызметкерлері алдын алды.
38 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны ішінде шамамен 3 кг бауырсақ болған сәлемдемені беруге тырысты.
Тексеру кезінде олардың жетеуінде белгілі бір иісі бар белгісіз жасыл түсті заттар табылды. Сараптама нәтижелері бойынша бауырсақ кептірілген марихуанамен толтырылған.
Тыйым салынған заттар тонау үшін тергеуге алынған азаматқа арналған, polisia.kz-тің хабарлауынша ол апелляциялық соттың шешімін күтуде.
- Тергеудегі және сотталған адамдармен жүргізілетін профилактикалық әңгімелесулерге қарамастан, олардың туыстары тыйым салынған заттарды ҚАЖ мекемесіне апару әрекеттерін жалғастыруда. Қызметкерлердің қырағылығының арқасында мұндай алып өтулердің алдын алады. Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізілуде, - деп атап өтті №73 мекеменің бастығы Тілеуберген Көнекбаев.