Баянауыл аудандық соты Павлодар қаласының екі тұрғынын ҚР ҚК 337-бабының 4-бөлігі 2, 4-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды.
- Оларға 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 6 жыл мерзімге аң аулау құқығынан айыру және мылтық тәркілеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сот мемлекет пайдасына 21 млн теңге көлемінде залал төлеуді міндеттеді. Азаматтық талап толық көлемде қанағаттандырылды, - деп хабарлады полициядан.
Баянауыл ауданында сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулағаны үшін күдіктілер ұсталды.
Ұсталғандардан сілеусіннің екі терісі мен еліктің ұшасы тәркіленді. Азаматтар "салафизм" деструктивті ағымының өкілдері болып табылады.
Айта кетейік, Павлодар облысында сілеусін аулауға тыйым салынған, ал елік аулауға 2022 жылдың 1 қаңтарынан тамызына дейін тыйым салынған.