Қала тұрғындарынан көпшілік алдында кешірім сұрау мәселесі Нұр-сұлтан мәслихатының қоғамдық тыңдауында айтылды.
«Қазір біз тарихи әділеттілікті қалпына келтіріп, қалаға бұрынғы атауын қайтаруға дайынбыз. Егер біз бүгін осы шешімді қабылдайтын болсақ, менің ойымша, бұл кешіріммен тең. Егер сізге бөлек кешірім қажет болса, біз оларды да әкелуге дайынбыз. Бірақ, егер шешім қабылданса, ондай қажеттілік туындамайды деп ойлаймын», – деп жауап берді қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов.
Елорда мәслихатының хатшысы елорданы қайта атау тәртібі бірнеше кезеңнен өтуі тиіс екенін айтты. Олардың бірі - көпшілік тыңдау. Шешім қабылданғаннан кейін мәслихат Республикалық ономастика комиссиясының отырысын өткізеді, содан кейін құжаттар Үкіметке жіберіледі. Үкімет өз кезегінде Жарлық жобасын Президенттің қол қоюына енгізеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2 қыркүйекте "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері елорданы бұрынғы атауы – Астанаға қайтаруды ұсынған болатын. Тиісті ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді.
Әкімдікке 2019 жылы маңдайшалардың, бланкілер мен мөрлердің өзгеруін ескере отырып, бастапқы атауын өзгерту құны 30 млн теңге болғаны белгілі.