USD491.7EUR531.28RUB5.07

Жүргізуші атпен соқтығысып қаза тапты

12 қыркүйек 2022, 15:18
"Өскемен-Алматы" тас жолының 18 шақырымында, сағат 02:44 шамасында Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңында жол-көлік оқиғасы орын алды. 42 жастағы «Lada Granta» автокөлігінің жүргізушісі жолда атпен соқтығысты.
Жүргізуші атпен соқтығысып қаза тапты

Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Оның жолаушысы медициналық мекемеге түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі "көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar