USD514.65EUR544.6RUB5.17

Полиция басқармасы жұмысқа шақырады

12 қыркүйек 2022, 15:10
Өскемен қаласының полиция басқармасы Ішкі істер органдарына қатардағы және басшы құрам лауазымдарына жұмысқа шақырады.
Полиция басқармасы жұмысқа шақырады

Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылықтары:

- жұмыс берушінің есебінен бастапқы оқыту және біліктілікті арттыру;

- қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақы мөлшерінің ұлғаюымен тұрақты және уақтылы жалақы;

- сауықтыруға, мансаптық өсуге арналған жәрдемақылар;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету.

Енді орта біліммен жұмысқа орналасу үшін мемлекеттік қызметке тестілеуден өтудің қажеті жоқ екенін атап өткіміз келеді.

Талаптар: жасы 35-тен аспаған, білімі орта (қатардағы құрам лауазымына) және жоғары (қызмет бағытына байланысты басшы құрам лауазымына), Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің уәкілетті органы беретін тестілеуден өткені туралы сертификаттың болуы, денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссиямен айқындалады).

Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 232-824, 232-700, 232-619 немесе Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 152.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar