USD514.65EUR544.6RUB5.17

Қазақстандықтар төрт күндік жұмыс аптасын белгілей алады

12 қыркүйек 2022, 15:00
Қазақстанда 2023 жылдан бастап 4 күндік жұмыс аптасына көшуге болады.
Қазақстандықтар төрт күндік жұмыс аптасын белгілей алады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төрт күндік жұмыс аптасы қарастырылған әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Еңбек кодексіне түзетулер дайындады. Тиісті құжат "Ашық НҚА"сайтында орналастырылған.

"Тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі", – делінген "жұмыс уақыты режимі" бабына толықтыруда.

Жоба бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жексенбі жалпы демалыс күні болып табылатындығын көрсетеді. Бес күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасы кезіндегі екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртіптемесі қағидаларында белгіленеді.

Сондай- ақ, Еңбек министрлігі үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына – төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында 12 сағаттан, ал жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде жылына 120 сағаттан аспауы керек деп жазды.

Бұдан басқа, министрлік жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа, сондай-ақ ауысымаралық демалысқа тартудың ерекше жағдайларын көздейтін бапқа түзетулер енгізеді.

Жұмыскердің келісімінсіз демалыс және мереке күндерінде, сондай-ақ ауысымаралық демалыста жұмысқа тартуға мынадай жағдайларда жол беріледі:

елді қорғау, төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу, төтенше жағдайды жариялау үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болғызбау не олардың зардаптарын дереу жою үшін не мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының шешімі бойынша өзге де шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезінде;

еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау және тергеп-тексеру;

тұтастай алғанда ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмысы шұғыл орындалуына байланысты болатын шұғыл, алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындау;

егер жұмыс үзіліске жол бермесе, ауысушы қызметкер келмеген кезде жұмысты жалғастыру үшін дереу басқа қызметкермен ауыстыру шараларын қабылдайды.

ФОТО: ainews.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar