
— Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 272, 380-баптары бойынша қаралды (Билік өкіліне қатысты жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, өмір мен денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану), - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.
Сотталушылар прокуратурамен кінәні мойындау туралы мәміле түрінде процессуалдық келісім жасасты.
— Шын жүректен өкінуді ескере отырып, сот екі сотталушыға төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру, тағы бір сотталушыға 4 жылға екі айға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", — деп толықтырды прокуратура.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.