
Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде жарияланған көптеген бейнежазбалар тәртіпсіздік кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты қолдану фактілері туралы куәландырады.
Олардың көпшілігі қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өміріне қол сұғушылық ретінде бағаланады, ол үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
"Мысалы, 5 қаңтарда тәртіпсіздік кезінде Семей қаласының тұрғыны заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы қызметкерлердің заңды талаптарына бағынбай, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан Ұлттық ұланның әскери қызметшісіне дене жарақатын салды", - деді Санжар Әділов ОКҚ брифингінде.
Сот қала тұрғынының төрт жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.
ФОТО: ktk.kz