USD474.83EUR515.38RUB5.5

Алаяқтардан сақтаныңыздар!

18 тамыз 2022, 15:09
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері ретінде таныстырылған белгісіз тұлғалар қазақстандықтарды алдауда.
Алаяқтардан сақтаныңыздар!

Белгісіз тұлғалар өздерін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (ЕХӘҚМ) қызметкерлері деп таныстыра отырып, азаматтарға қоңырау шалып, 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақшалай төлем түрінде әлеуметтік көмек көрсетуге уәде береді. Бұл ақпарат дұрыс емес. Материалдық көмек көрсету үшін белгісіз тұлғалар шоттан ақша алуды және берешекті өтеуді сұрайды (барлық жағдайларда шоттар кредиттерді өтеу мерзімін кешіктіруге және банктер алдындағы берешекті төлемеуге байланысты тыйым салынған).

Азамат материалдық көмек алу үшін шотты қамаудан алғаннан кейін, белгісіз адамдар техникалық ақаулар мен көмек көрсетудің мүмкін еместігіне сілтеме жасайды.

ҚР ЕХӘҚМ Министрлік қызметкерлері азаматтарға қоңырау шалуды жүзеге асырмайтынын, барлық мемлекеттік әлеуметтік төлемдер азаматтардың өтініштері негізінде немесе проактивті форматта жүргізілетінін хабарлайды.

Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және ақпаратты тек ресми дереккөздерден пайдалануды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланады.

Егер сіз алаяқтарға алданып қалсаңыз, дереу полицияға хабарласыңыз.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar