USD446.49EUR475.38RUB4.79

Қазақстанда некені тіркеу мерзімі қысқартылды

11 тамыз 2022, 12:51
ҚР Әділет министрі 2022 жылғы 28 маусымдағы бұйрығымен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды "Ертіс өңірі" Zakon.kz.-ке сілтеме жасап.
Қазақстанда некені тіркеу мерзімі қысқартылды

Атап айтқанда, өтініш бергеннен кейін тіркеу күнін тағайындау мерзімі бір айдан 15 күнге дейін қысқартылды.

Некеге тұруға тілек білдірген адамдардың қатысуымен 15-ші күнтізбелік күні тіркеледі, ол неке қию туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс істемейтін күнге тура келсе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі, делінген құжатта.

Сонымен бірге, некеге тұратын адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер (жүктілік, баланың туылуы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнуі және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде делінген), тіркеуші органның бастығы неке қиюды мемлекеттік тіркеу мерзімін күнтізбелік 15 күн өткенге дейін қысқарта алады не бұл мерзімді ұлғайта алады, бірақ 15 күнтізбелік күннен артық емес.

Бұл ретте, жекелеген жағдайларда неке қиюды мемлекеттік тіркеуді күту мерзімін ұзарту тіркеуші органның бастамасы бойынша неке қиюды мемлекеттік тіркеуге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана мүмкін болатыны көрсетіледі.

15 күнтізбелік күнді қысқарту немесе көбейту туралы рұқсатты неке қию туралы өтініште тіркеуші органның бастығы, ал ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адам қарар түрінде береді.

Бұйрық 2022 жылғы 15 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

ФОТО: aliexpress.com

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar