USD479.42EUR467.91RUB8.21

Қостанайда жоғалған қыз ауылдан 3 шақырым жердегі жасанды су қоймасына батып кеткен

11 тамыз 2022, 12:38
– Полиция департаменті қыздың денесінің жасанды су қоймасынан табылғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қостанайда жоғалған қыз ауылдан 3 шақырым жердегі жасанды су қоймасына батып кеткен

Баланың денесі өзі тұрған Жамбыл кентінен 3 шақырым жерден табылды. Ол дронның көмегімен анықталған.

Полицияның мәліметінше, баланың денесін жасанды су қоймасынан полицияның аға лейтенанты Самат Ещанов пен ерікті Дамир Бектұрғанов тапты.

Облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков жағдайға қатысты түсінік берді.

«10 тамыз күні іздеу жұмыстарының барысында Ерланқызы Мәдинаның денесі жасанды арнадан табылды. Бұл – үлкен трагедия. Облыс, республика тұрғындары, полиция қызметкерлерінің атынан марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Бәріміз баланы аман-есен табатынымызға соңына дейін сеніп, үміттеніп жүрдік. Алайда, жағдай басқаша болды», - деді ол.

Е.Омарбековтің айтуынша, қазіргі кезде бүкіл тиісті сараптамалар белгіленіп, қорытындысы қосымша хабарланатын болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында 7 тамызда үйінен шығып кеткен 5 жасар қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған.

Іздеу жұмыстарына 500-ден астам полицей, тікұшақтар, сондай-ақ Ұлттық ұлан мен шекарадағы әскери қызметкерлер жұмылдырылды.

Мыңдаған адам қызды Жамбыл ауылына іргелес егістік алқаптардан іздеді.

Кеше бес жасар Мәдина Ерланқызын іздеу шаралары аясында егістік алқаптың әр жеріне су мен тамақ байланған шарлар қалдыру жөнінде шешім қабылданды.

Кешкі уақытта егістік алқаптың үстінен дельтапландар ұшырылды.

10 тамыз күні кешке қыздың денесі табылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

23 қыркүйек 2022, 15:52
23 қыркүйек 2022, 15:46
22 қыркүйек 2022, 11:04
22 қыркүйек 2022, 10:37
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar