
Жедел ақпарат бойынша, Семей тұрғыны есірткі заттарын заңсыз сақтаған. Ақпаратты тексеру барысында факт расталды. Семей қаласының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/14 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлерімен бірге ер адамды ұстады.
Жеке тексеру кезінде одан өсімдік тектес зат — марихуана тәркіленді. Ұсталғандардың айтуынша, жеке тұтыну үшін сақталған.
– Ұсталған азаматтың тәркіленген заттарды сақтауға құқығы жоқ екені анықталды. Қазіргі уақытта тәркіленген заттар сараптамаға жолданды және ҚР ҚК 2 – бөлімінің 296-бабында көзделген "есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау" тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп түсіндірді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/14 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы Айбек Ақшалов.