Акцияның мақсаты әкімшілік айыппұлдарды уақтылы өтеу қажеттілігі туралы халықты хабардар ету болып табылады. Іс-шараны әкімшілік полиция қызметкерлері, жергілікті полиция қызметі аумақтық жеке сот орындаушыларымен, прокуратура өкілдерімен бірлесіп өткізеді.
Семей қаласының әкімшілік полиция бөлімшесі хабарлайды: Өз айыппұлдарын электрондық үкімет порталының көмегімен онлайн режимінде тексеруге және төлеуге болады "еgov.kz", Екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ, интернет сайттар арқылы және мобильді қосымшаларда онлайн төлем жасау.
Заңда белгіленген мерзімде айыппұл төленбеген жағдайда, тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады.
Сұрақтар бойынша Семей қ.ПБ ӘПБ әкімшілік тәжірибе бөліміне хабарласуға болады.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметі