
Белгісіз жүргізуші белгіленбеген автокөлікте жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 35 жастағы ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі - абайсызда адам өліміне әкеп соққан Жол жүрісі немесе көлік құралдарын басқаратын адамдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы және ҚР ҚК 347-бабы бойынша жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу бойынша осы қылмысты жасаған адамдарды анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.
ШҚО ЖПҚ баспасөз қызметі