USD474.83EUR515.38RUB5.5

Көлік құралын есептен шығару кезінде нені білу қажет

03 тамыз 2022, 10:49
Көлік құралын есептен шығару кезінде нені білу қажет?
Көлік құралын есептен шығару кезінде нені білу қажет

ШҚО полиция департаменті қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көлік құралын есептен шығару кезінде мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (бұдан әрі – МТНБ) Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырылуға жататынын, онда көлік құралы иесінің өтініші бойынша сақтау жағдайларын қоспағанда, ол жойылатынын түсіндіреді.

Тапсырылған МТНБ-ны 6 айға дейін сақтауға иесінің өтініші бойынша ғана жол беріледі, бұл ретте нөмірлік белгі қолданыстағы ұлттық стандарттың, яғни ескі үлгідегі МТНБ-ның талаптарына сәйкес келуі тиіс. Оқылмайтын, мыжылған, тозған, бұрғыланған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері сақтауға қабылданбайтынын атап өткен жөн.

30 күнтізбелік күн өткенге дейін МТНБ мемлекеттік корпорациясында сақталған нөмірлер мемлекеттік бажды төлемей беріледі.

Көлік құралдарының өзге иелеріне бұрын пайдалануда болған МТНБ-ны, оның ішінде жоғары сұранысты беруге жол берілмейді, бұған - Қазақстан Республикасында тіркелген мемлекеттік органдардың, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) оның өкілдіктерінің, консулдық мекемелердің Көлік құралдарын, Қазақстан Республикасында аккредиттелген қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ мұрагердің автомобильдерге және автобустарға мемлекеттік баж төлегеннен кейін КҚ мұрагерлік бойынша берілген жағдайда құқықтық мирасқордың (мұрагердің) ерік білдіруі бойынша; 2,8 АЕК мөлшерінде, мотокөлік пен тіркемелер үшін-1,4 АЕК.

Бұрын тапсырылған және көлік құралы иесінің сұрауы бойынша ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келетін МТНБ иесіне жаңадан сатып алынған көлік құралына қайта берілуі мүмкін.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar