Мемлекеттік нөмірді жоғалту сирек емес, көбінесе бұл штаттық жерде әлсіз бекітілгендіктен немесе әртүрлі ауа-райының салдарынан болады және шабуылдаушылар оны алып тастай алады.
Мемлекеттік нөмірді қалпына келтіру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға барып, тиісті өтінім беру қажет.
Жаңа нөмірлерді дайындау үшін 2,8 АЕК – 8 576 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу қажет.
Егер бір нөмірді қалпына келтіру қажет болса, онда 1,4 АЕК мөлшерінде – 4 288 теңге.
Шығыс Қазақстан және басқа облыстар мен Шымкент қаласының тұрғындары үшін "көлік құралы үшін мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің телнұсқасын беру" мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі 15 жұмыс күні ішінде, ал Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында 5 жұмыс күнін құрайды.
Айта кетейік, мемлекеттік нөмірді жоғалтқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған.
Құрметті автокөлік иелері, ШҚО полиция департаменті мемлекеттік нөмірлердің жоғалуын болдырмау үшін оларды автомобильдің штаттық орнына бекітуді ұсынады, мемлекеттік нөмірлерді бұрандалармен немесе пластикалық қамыттармен бекітуге қосымша рұқсат етіледі.
Бұл ретте мемлекеттік нөмірдің сандық және әріптік белгісіне қосымша бекіту элементтерін орнатуға жол берілмейді.