
Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде жолдарда, әсіресе түнгі уақытта патрульдік полиция нарядтарының тығыздығы артты.
Он күн ішінде жедел алдын алу іс-шарасы барысында 7 240 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде::
ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша (көлік құралын мас күйінде басқару) - 46,
ҚР ӘҚБтК 591-бабы бойынша (көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдалану) – 701,
ҚР ӘҚБтК – нің 593-бабы 2-бөлігі бойынша (қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қағидаларын сақтамау) - 1250,
ҚР ӘҚБтК – нің 595-бабы бойынша (маневр жасау ережелерін бұзу) - 824.
Сонымен қатар, 200 көлік құралын пайдалануға тыйым салынды, оның ішінде 106 автокөлік арнайы тұраққа қойылды, 94 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері алынды.
ШҚО ЖПҚ баспасөз қызметі