USD488.11EUR530.09RUB5.01

Абай облысында ТЖД бастығы тағайындалды

02 тамыз 2022, 12:09
Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен полковник Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілді.
Абай облысында ТЖД бастығы тағайындалды

Манарбек Шапағатов 1975 жылы 3 ақпанда Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген. 1995 жылы ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін, 2005 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Білімі бойынша - өрт қауіпсіздігі инженері.

Құқық қорғау органдарында 1992 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді, қызметтік қызметін Көкшетау облысы Щучье ауданының мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инспекторы болып бастады.

Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar