USD474.83EUR515.38RUB5.5

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыс бойынша филиалының директоры тағайындалды

02 тамыз 2022, 11:57
"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының директоры Асхат Чакенов болды.

Филиал ұжымына жаңа директорды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы аппаратының басшысы Қуандық Қуатов таныстырды.

Мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметі Асхат Чакенов 1984 жылы 5 қазанда дүниеге келгенін хабарлады.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды "халықаралық құқық" мамандығы бойынша және Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ды "Мұнай-газ ісі" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары "Алматы қаласы Алатау ауданының ХҚКО" РММ директорының орынбасары, ШҚО бойынша "ХҚКО" РММ филиалының директоры, ШҚО бойынша "Қазмұнайгаз" ЖШС филиалында,  "Көктем сауда СҮ" ЖШС-де директор болып жұмыс атқарды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar