
Оның айтуынша, Қазақстанның медицина мекемелерінде дүниеге келген әр нәрестеге, яғни анасының мәртебесіне қарамастан, туу туралы куәлік беріледі.
Атап айтқанда, көші-қон процестерінде балалар құқығын қорғау бойынша үш жылдық бағдарлама аясында 1 мыңнан астам жеткіншек туу туралы құжат алып, оларға білім беру әрі әлеуметтік қызметтер бойынша жағдай жасалды.
Е. Иманғалиевтің пайымынша, көші-қон процестерінде қамтылған балалар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстарды жалғастыру керек.
«Көші-қон бойынша қамтылған балалардың мәселесі әкімшілік проблемаларға қатысты болып тұр. Бұл ретте тұрғылықты жері бойынша тіркелмеуі, Қазақстанда еңбек мигранты ретінде ата-анасының мәртебесінің реттелмеуі, сондай-ақ азаматтығының болмауы мәселесі бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі дөңгелек үстел отырысында.