
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам құлыпталмаған есікті пайдаланып, аулада тұрған "ВАЗ" көлігін ұрлап кеткен. Келтірілген залал шамамен 600 000 теңге сомасына бағаланады.
Өтінішті алған соң дереу полицияның жеке құрамы жұмылдырылып, "Ұстау" жоспары жарияланды.
Қабылданған шаралар барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қылмыскер Бородулиха ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты, ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады.
Қаскүнемге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу туралы міндеттеме түрінде таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметі