
Оқиға Ақтау қаласындағы 32 «б» шағынауданында орналасқан «Атакент» тұрғын үй кешенінде болған. 10-қабаттағы пәтер терезелерінен кіріп-шығып ойнап жүрген 3 қыз бала көшедегі адамдардың көзіне түскен.
«Видео әлеуметтік желі арқылы келіп жатыр. Бүгін 25 шілде сағат 10-нан кете болған. Естуімше, балалардың анасы дүкенге кеткен», - деді осы үйдің тұрғыны ҚазАқпарат тілшісіне.
Видеода көріп тұрғанымыздай терезелерге қауіпсіздік торы орнатылмаған. Болған жағдайдың анық-қанығын Маңғыстау облысының полициясы анықтап жатыр.