
Түсіндірме жазбада айтылғандай, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының қызметкерлері тәулік бойы ел халқын жылумен, электр энергиясымен, сумен қамтамасыз етеді, көшелердің тазалығын қадағалайды, сондай-ақ елдің тұрғын үй қорын басқарады және ұстайды, осылайша азаматтардың қолайлы және жайлы өмір сүруіне жағдай жасайды.
ТКШ қызметкерлері күні КСРО-да 1966 жылдан бастап шілденің төртінші жексенбісінде аталып өтті және ТМД-ның көптеген елдерінде, соның ішінде Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстанда сақталды.
ИИДМ хабарлағандай, бұл мерекені құру ардагерлердің орнына осы салаға жоғары білікті жас мамандар мен инженерлердің келуіне, сондай-ақ ТКШ қызметкерлері кәсібінің беделін және олардың кәсіби мақтанышын арттыруға ықпал етеді.
ФОТО: rdeg.ru